Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аллергиялық ауруы бар адамға вакцина салуға бола ма?

18.05.2021, 17:10 672

HALYQLINE.KZ

ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева вакцинаны аллергиясы бар адамдарға салдыруға болмайтынын растады, – деп хабарлайды ОКҚ баспасөз қызметі.

«Аллергиялық аурулар өршіген кезде немесе анамнезде қандай да бір препаратқа: мысалы, тауық эмбрионына немесе бұған дейін егілген вакцинаға реакция болса, вакцина салдыруға болмайды. Барлық басқа аллергиялық реакциялар, соның ішінде көктемде болатын поллиноздар вакцинацияға қарсы көрсетілім болып саналмайды. Себебі вакциналардың құрамында антибиотиктер де, аллергия тудыруы ықтимал препараттар да жоқ», – деп түсіндірді спикер.


Егер адамда аллергия болса, бірақ оның COVID-19 қарсы вакцина салдырғысы келсе, ол вакцинацияға дейін 2 күн бұрын және екпеден кейін 2 күн бойы гистаминге қарсы препараттар қабылдай алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: