7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, ұлттық бағдарлама тұжырымдамасына сәйкес Қызылорда қаласының орталық алаңында «Денсаулыққа бiрге! Ғылыммен бiрге!» ұранымен жаппай дене жаттығуы мен флешмоб ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік Әнұранмен ашылған іс-шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмас Әбiлпатта мен медицина саласының ардагері Сағындық Шамшиев сөз сөйлеп, мерекемен құттықтап, жиылған жұртты әрдайым денсаулықтың алдын алуға шақырды.
Одан кейін басқарма басшысы бiрқатар бас дәрiгерге мерекелiк дипломдар табыстады. Іс-шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, акцияда қалалық емханалар мен облыстық қан орталығы және жастар денсаулығы орталығының мамандары денсаулық бұрыштарында халыққа медициналық қарап-тексеру көмектерiн көрсетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!