Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әрбір адамның ауруы көңіл күйіне байланысты

03.11.2023, 9:35 479

HALYQLINE.KZ

«Әрбір адамның ауруы көбінесе көңіл күйін бір қалыпты ұстай алмауынан болады».

Адамдарға жала жауып, сынап, өштескенде, ренжігенде немесе кешірмегенде, асқазан қышқылы көбейеді.

Тым ыстық тамақ асқазанның сезімтал безін зақымдауы мүмкін, егер ол без зақымдалса, иммундық жүйе бөлінуін тоқтатады.

Ауырсыну мен мазасыздық қаншалықты көп болса, соғұрлым бауыр мен өтке зиянды. Бауырдан шыққан ащы заттар сол жақ жарты миға әсер етіп, одан ары жаман ойларға батырады.

Сіз неғұрлым нашар тыныс алсаңыз, басқа адамдарға деген сеніміңіз аз болады, ал басқаларға сенуді үйренсеңіз, соғұрлым бауырыңыз сауығып кетеді.

Ұялы телефондар, теледидарлар мен электр плиталары бүйректі зақымдауы мүмкін. Жаттығу, бұлшық еттеріңізді қатайту, бөкселеріңізді қатайту, арқаңызды қозғау бүйректі сауықтырады.

Кез келген көңілсіздік асқазанды ауыртады.

Тәкаппар адамның кеңсірігі ауру болады.

Өз құнын білмейтін немесе бағаламайтын адамның бөбежігі ауырады.

Көп күңкілдейтін адамның тамағы ауырады.

Өзін төменшік санайтын адамның аш ішегі ауырады.

Депрессияға ұшыраған адам ішектің ауырсынуымен және диареямен ауырады.

Тамақтың етін алдырған адам кез келген тағамға уланғыш болуы мүмкін.

Көп өсек айтатын адамдардың қышқылы мол болады. Балалар өте сілтілі. Себебі олар өсек айтуды білмейді.

Тұйық, өзімшіл адам иіс сезу қабілетін жоғалтады, әрі ол адамның өзіне тән аурасы да болмайды.

Басқаларға пайдалы, мейірімді, өзін-өзі көрсететін, көпшіл және басқалармен үйлесімді болған сайын адамның аурасы үлкейеді, аурасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол адамнан жақсы иіс шығады. Ондай адамды «Басқан ізінен нұр шашырап тұр!» деп айтады.

Сіздің басқаларға жасаған әрбір жаман істеріңіз қайта айналып өз басыңызға оралады! Оны «Тағдыр тәлкегі!» деп атайды…

«Домчын  судар»  кітабынан  аударған

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: