Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әр науқасқа қамқорлықпен қарау керек

17.06.2024, 11:00 229

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру, халықпен кері байланыс, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру. Осы және өзге де мәселелер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерінің Қызылорда қаласындағы емханалар ұжымдарымен кездесуі барысында талқыланды.

Қызылорда облысында 25 медициналық ұйым бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Бүгінгі таңға №1, №3, №4, №5, №6 және қалалық орталық емханаларда кездесулер ұйымдастырылып, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, МӘМС жүйесі туралы хабардар ету, медицина қызметкерлеін оқыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл шаралары талқыланды.

ӘМСҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов атап өткендей, емханалардың медицина қызметкерлері отбасылық қызмет көрсету қағидатын, медициналық деонтология (этика) ережелерін ұстануы тиіс екендігі аталып өтті.

«Дәрігер мен пациент арасындағы өзара сыйластық, емдеу шараларын сәтті өткізуге ықпал етеді. Медицина қызметкері пациенттің қол жетімді және білікті медициналық көмек алуына мүдделі болуы керек. Біздің міндетіміз – азаматтардың жүйеден шығып қалу қаупін азайту және олардың МӘМС-ке сенімін арттыру», – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.

Талқылау барысында дәрігерлер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Кездесу соңында Қор мен медициналық қызмет көрсетушілермен кері байланысты жетілдіру туралы келісімдерге қол қойды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: