Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлназарованың бітірген түгі де жоқ

19.08.2025, 8:30 221

HALYQLINE.KZ

Бұл кісі келгенде (Әлназарова. – ред.) бәрін жасаймын, «анау-мынау» деген еді. Жасаған түгі де жоқ. Саланы жемқорлық жайлаған. Бас дәрігерлер басымызға шықты. Жемқорлықтың неше түрін шығарған. МӘМС-ті келтіріп отырған осы – бас дәрігерлер. Қазір бір жұмыс алға жылжымайды. Медицина саласы құрып біткен. Біздегі медицинаға халық сенбей қалған. Алғашқы көмек көрсету деген бар. Олар поликлиникаларда отырады. Олар да түк бітірмейді. Біздің кезде терапевтер науқастардың арасында жүгіріп жүретін. Бұлар онлайн «осмотр» жасайды. Бұл деген қылмыс, адамды мазақ ету. Ондай болмау керек. Адам бұл салада жанын салып жұмыс істеу керек. Біз емханаға барсақ, терапевке кіреміз. Ол бізді қарамаса да, тіпті сөйлемесе де келді деп түртіп қояды. Болды, МӘМС арқылы оған ақша түсіп жатыр.

Әлназарова деген мені қазір сотқа алып кетсе де айтайын, еш нәрсе жасаған жоқ. Сол баяғыдай. Әлназароваға қазір ырық бермейді. Саланы қалың жемқорлық жайлаған. Жұмысты істейтін дәрігерлер ғой. Олардың көбісі шетелге кетіп жатыр. Ағылшын тілін білсең болды. Бұлай кете берсе бұл саланың не болатынын 40 жыл қызмет еткен өзім де білмеймін. Түн ұйқым төрт бөлініп отырып ойланамын. Медицинада ақшамен оқу деген болмауы қажет. Ол түбімізге жетеді.

Әлназарова ғана емес, бүгінгі үкімет түгелдей отставкаға кету керек деп есептеймін.

Жұбан  ТІЛЕУБЕРГЕНОВ,

медицина  ғылымының  докторы,  профессор

zhasalash.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: