Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін

18.07.2024, 9:10 213

HALYQLINE.KZ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде апта сайын орта есеппен 1,7 мың адам қайтыс болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Женевада алдын алу туралы келісім жобасын әзірлеп жатқан үкіметаралық келіссөздер органының (IGNB) отырысында сөйлеген сөзінде әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертті.

– Қазіргі H5N1 (құс тұмауының) өршуі бізге келесі пандемияның кез келген уақытта келе салуы мүмкін екенін көрсетті. Ол кез келген уақытта келе алады. Ол бізді күтпейді, – деп атап өтті ДДСҰ бас директоры.

11 шілдеде Женевада өткен баспасөз мәслихатында Гебрейесус барлық елді құс тұмауын қадағалауды күшейтуге шақырып, Камбоджа мен Америка Құрама Штаттарында індеттің соңғы жағдайларына назар аударды.

Ол сондай-ақ тәуекел топтарына, атап айтқанда, 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін жылына кемінде бір рет COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қажеттігін еске салды. 

Дереккөз: inbusiness.kz

Фото: childrenshealthdefense.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: