HALYQLINE.KZ «Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны 300 мыңыншы адам салдырды» деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде коронавирусқа қарсы вакцина салдыру 1 ақпаннан басталды. Сол күннен бастап 27 қыркүйек аралығында облыста вакцинаның бірінші компонентімен егілгендер саны – 301 959 адамға жетті. Бұл екпе қабылдауға қабілетті халықтың 75,3 пайызын құрады. Ал екінші компонентпен 252 722 (63 пайыз) адам қамтылды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің 24 жастағы тұрғыны Перизат Құлжанова облыста коронавирусқа қарсы екпе салдырған 300 мыңыншы адам болып тіркелді. Ол үйде баламен отырған ана, сондықтан №4 қалалық емхананың медицина қызметкерлері оған екпені үйіне барып салды. Перизат 30 минут дәрігерлер бақылауында болды. Онда екпеге ешбір кері әсер байқалмады.
«Алдағы уақытта облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау қарқынын арттыру жұмыстары жалғасын табады. Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша 20 медициналық мекемеде (соның ішінде қала бойынша 11, аудан бойынша 9 медициналық мекеме) коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары сағат 8.00 мен 18.00 аралығында үзіліссіз қарқынды жүргізілуде», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!