
Қызылордалық әйел полицияға көшеден нәресте тауып алғанын хабарлады. Тексеру нәтижесінде, сәбидің анасы сол әйел болып шыққан.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 сәуірде сағат 19:30-да Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің маңында жаңа туған баланы табу дерегі бойынша ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
«Полиция баланы тапқан ауыл тұрғыны сәбидің анасы екенін анықтады. Өзі босанып, полицияға «тауып алдым» деп жалған ақпарат берді», – дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Қазіргі уақытта ана мен бала перзентханада емделіп жатыр.
«Соталды тергеу жалғасып жатыр», – деді полицейлер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!