Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында оқушы суға кетті

20.05.2022, 9:40 432

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында каналға суға батып кеткен 9сынып оқушысының денесі табылды.

19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентіндегі каналға 15-16 жастағы ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына барғанда суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды.

Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергеновтің жетекшілігімен іздестіру шарасына 7 құтқарушы тартылып, қажетті техника мен қайық пайдаланылды. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеді. Сағат 18.28-де жасөспірімнің денесі батқан жерінен 500 метрдей қашықтықта су астынан табылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: