Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қошақанның қызықтары

24.01.2020, 13:53 1724

Бала тілі – бал

Бірінші диалог. Ойын баласы болғандықтан, кішкентайлардың қаққан қазықтай бір орында отыра алмайтыны анық. Әрі-бері сабылу, ретсіз жүріс-тұрыс – олардың әдеті. Бір күні тәтеміздің үйінде жүргенде Қошақанның шалбарының ауы жыртылып қалыпты. Тәтем лезде шалбарын шешіп алып, тігіп беріпті. Сонда Қошақан тәтемізден “жыртығым қайда?” деп сұрап, тауып бермеген соң жылап, шу шығарған көрінеді.

Екінші диалог. Балабақшада ағылшын сабағын өтетін Қошақан үйге келгенде кез келген заттың ағылшыншасын сұрап, бізді ұялтуды шығарды. Баланың мылжың шағы деп аталатындықтан, барлық сұрағына жауап беру керектігін әкеміз қатаң тапсырған-ды. Бірнеше сұрағына итшілеп жауап берген соң, өзіне сұрақ қоя бастадым. Саусағымды рет-ретімен бүгіп отырып, онға дейін ағылшынша санадым да, ендігі кезек сенікі деген сыңай таныттым. Артынша “қазақша нешеге дейін санай аласың?” деген сұрақ қойылды. Мен секілді әр саусағын бүгу арқылы санады да, онға келгенде кілт тоқтады. “Ары қарай білмейсің бе не?” дегенім сол еді, “Басқа саусақ жоқ” деп қарап тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: