Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда көрісу күні тойланды

15.03.2024, 9:10 252

14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн.

Атаулы күнге орай Қашақбай Пірімов ауылында «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс-шара өтті. Тағылымды іс-шараға аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Жарылқап пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев қатысып, жиылғандарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Амал мейрамының мән-мағынасы мен тарихына, оның құндылықтарына айрықша тоқталып өтті.

Амал мерекесінде Абай ауылы, Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов ауылдарының әжелері қауышып, әдет-ғұрыпқа сай шашу шашты. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынылып, ұлттық спорт түрінен ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүріне негізделген театрландырылған көрініс пен пен концерттік бағдарлама халық назарына ұсынылды. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, халыққа ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: