Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Піл – әділеттің, ақылдың және сабырлылықтың символы»

23.06.2025, 8:30 233

HALYQLINE.KZ

Пілді бір елден екінші елге – мысалы, Үндістаннан АҚШ-қа – ұшақпен тасымалдау қажет болғанда, оның торының ішін… кішкентай балапандармен толтырады. Иә, сіз қателеспедіңіз: дәл сол кішкентай, әлсіз балапандармен.

Мұны не үшін жасайды?

Өзінің алып денесіне қарамастан, піл – біреуге зиян келтіруден қатты қорқатын жануар. Сондықтан ол бүкіл ұшу бойы міз бақпай, тапжылмай тұрады – тіпті байқаусызда бір ғана балапанның үстіне басып кетем бе деп қорқады.

Осылайша ұшақтың теңгерімі сақталады.

Ал піл үшін бұл – оның асыл табиғатының алғашқы сынағы.

Ғалымдар мұндай мінезге таңданып, пілдің миын зерттей бастағанда, оның миында веретенопішінді жасушалар барын анықтады – бұл жасушалар өте сирек кездеседі, олар адам миында да болады.

Олар өзін-өзі тануға, жанашырлыққа және күрделі әлеуметтік қарым-қатынасқа жауап береді.

Басқаша айтқанда, піл – тек денесімен ғана емес, жанының кеңдігімен де алып.

Ол сезінеді, түсінеді, аяйды және үнсіз, бірақ дана әрекет етеді.

Табиғатқа ғашық болған Леонардо да Винчи піл туралы былай деп жазған:

«Піл – әділеттің, ақылдың және сабырлылықтың символы».

Ол былай деп толықтырады:

Суға түскенде ол мейірімділікпен жуылады, бүкіл жамандықтан тазарғысы келетіндей.

Жолынан адасқан адамды көрсе – оған дұрыс жолды сыпайы түрде көрсетеді.

Ешқашан жалғыз жүрмейді: әрқашан тобымен, әрқашан көсемнің басшылығымен.

Ол – көп сөйлемейтін, кішіпейіл жануар.

Піл шағылысуды тек түнде, жалғыз серігімен жүзеге асырады, ал қайта оралғанда міндетті түрде жуылып келеді.

Жолда басқа топқа кездессе, оларды абайлап, хобонымен ығыстырып өтеді, ешкімге зиян келтірмеуге тырысады.

Бірақ ең әсерлісі – мынандай:

Піл өмірінің аяқталып келе жатқанын сезсе, тобынан бөлініп, жалғыз кетіп, алыста көз жұмады.

Неге?

Кішкентайларды қайғыдан сақтау үшін.

Кішіпейілділік үшін. Жанашырлық үшін. Асылдық үшін.

Бұл – үш сирек кездесетін ізгі қасиет.

Адамдар арасында да сирек.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: