Адам баласының ең қорғансыз, қамқорлыққа мұқтаж бөлігі бұл – нәрестелер, сәбилер, балалар. Сондықтан да 1949 жылы қараша айында Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының Парижде өткен конгресінде өзекті мәселеге жұртшылық назарын аударту үшін жыл сайын 1-маусымды Балаларды қорғау күні ретінде атап өту туралы қаулы қабылданған. Келесі 1950 жылы ол алғаш рет атап өтілді. Содан бері бұл күн әлемнің көп елдерінде аталып өтіледі. Оған негіз болатын басты құжат – БҰҰ 1989 жылы 20 қарашада қабылдаған Бала құқығы жөніндегі конвенция.
Кеңес одағында бұл күн балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау мақсатында аталып өтілетін. Қазір Израиль Газада, Ресей Украинада балаларға қарсы, адамзатқа қарсы қылмыстар жасауда. Бұл мүлде кешірілмейтін аса ауыр қылмыс!
Қазақстан да балалық шақты адамның келешек қоғамда толыққанды өмір сүруіне дайындайтын маңызды кезең ретінде бағалайды. Ата-анасының немесе өкілетті адамдардың, бөтендердің балаларды ұрып-соғуына, қорлауына, азаптауына жол берілмейді. Берекелі отбасы бала үшін – шынайы бақыт. Биыл 22 мамырдан 1-маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арнайы «Қазақстан балалары» атты ұлттық науқан өтуде.
Өкінішке қарай Қазақстанда педофилия құрбандары көбейе түсуде. Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің сайтында балаларға зорлық-зомбылық жасап сотталған 469 адамның тізімі тұр. Қазіргі ең үлкен қауіп сондайлардан!
Көп елдерде бұл күнді әлі дүниеге келмеген, туылмаған балалардың өмір сүру құқығы ретінде жақтап, абортқа тыйым салынуын қалайды. 1-маусымда жетім балаларға қуаныш сыйланады, жетімханаларға көмек жасалады. Іс жүзінде бұл да бір садақа!
Сонымен балаларды неден және кімнен қорғаймыз?
Балаларды ең алдымен жетімдіктен қорғаймыз!
Отбасындағы ажырасулардан қорғаймыз!
Соғыстан қорғаймыз!
Жасанды түсік жасатуға (абортқа) жол бермеу арқылы
адамзатты қорғаймыз!
Қатыгездіктен қорғаймыз!
ЛБГТ-ның алғы шебі – педофилдерден қорғаймыз!
Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев),
жазушы-публицист
Әлеуметтік желідегі жазбасынан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!