Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық қордың балаларға көмегі

11.02.2025, 9:35 65

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асырыла бастаған 12 ай ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) АҚ жас отандастарымызға 6,30 млн АҚШ долларын аударды.

2025 жылғы 1 ақпандағы жағ­дай бойынша БЖЗҚ 62 697 өтініш орындады. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақ­сар­ту мақсатында 3,63 млн-нан астам АҚШ долларына 36 119 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 2,67 млн АҚШ долларына 26 578 өтініш орындалды. Нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пай­далануға құқылы, ақша­ның пайдаланылмаған қал­дығы нысаналы жинақтау шотында қала береді.

Тұрғын үй жағдайла­рын жақ­­­­сарту аясында ел тұр­ғындары қаржыларын көбі­несе мынадай мақсат­та пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылы­сы жинақтарындағы салымды толықтыру – шамамен 3,53 млн АҚШ долларына 35 113 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 30,27 мың АҚШ долларына 304 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бо­йын­­ша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айы­рысу) – шамамен 29,60 мың АҚШ долларына 295 өтініш орындалды.

Білім алу ақысын төлеу бо­йынша ең танымал қо­салқы мақ­саттар: білім ұйым­­дарының білім беру қызме­ттеріне үлес­термен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (2,25 млн АҚШ долларына 22 435 өтініш орындалды), білім алу үшін жи­нақ­тау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (314,86 мыңға жуық АҚШ долларына 3 133 өтініш орындалды), шетелдік білім ұйым­дарының оқыту қыз­меттеріне үлестермен (әр­бір ака­демиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мер­зімі үшін) ақы төлеу (88,47 мың АҚШ долларына 880 өтініш орындалды).

«Ұлттық қор – бала­ларға» бағ­дар­ламасына қатысу­шы­лардың жалпы саны (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағ­дай бойынша) – 6 921 035 бала. 324 430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. Есепті жылы барлық балаға бірдей сома есеп­теліп, оның бір балаға шаққандағы мөлшері – 129 АҚШ доллары 38 цент. 2024 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға, 2006 жылы туған балаларды қоспағанда, 3,04 АҚШ доллары мөлшерін­де инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, бағ­дарламаға 2 жыл қата­рынан қатысқан баланың нысаналы жинақтары 232 АҚШ доллары 94 центіне жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: