Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үйлі болғысы келетіндер үшін сүйінші жаңалық жарияланды

04.03.2026, 15:20 43

10 наурыздан бастап 31 наурызға дейін «Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылданады. Тиісті ақпаратты Отбасы банк таратты, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«10 наурызда «Наурыз 2026″ бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Құжаттарыңызды алдын ала дайындап, мүмкіндіктеріңізді есептеп, 10 наурызды өз үйіңізге бастайтын жеке старт күні ретінде белгілеңіз», – делінген хабарламада.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, қарыздың ең жоғары сомасы Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін болса, өзге өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі – 19 жылға дейін.

Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 2 млн теңге. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды. Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының атында баспанасы болмауы тиіс.

Фото: banki.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: