Қара шаңырақ – ұлтты ұйыстырып, ұрпақтың ұйытқысына айналған киелі мекен. Қазақ дүниетанымындағы бұл ұғымның ұғындырары көп. Ал, қара шаңыраққа ие болып, тұтқаны ұстау – үлкен жауапкершілік. Наурызнамада бекітілген айрықша күнде ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет сержанты Ерназар Ыдырыстың отбасы туралы тарқата айтсақ дейміз. Құтты қонақ арылмайтын үйдің табалдырығынан аттай бере, бірлік пен жылылықтың ерекше лебі сезіледі.
Ерназардың жары Айжамалмен отау құрғанына 9 жыл болған. Бүгінде олар 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі ата-ана. Қара шаңырақта 11 жан бірге тұрып, үлкен әулеттің түтіні түзу ұшып отыр. Әділет сержанты Ерназар Ыдырыс жауапты қызметіне қарамастан, отбасына көңіл бөліп, балаларының тәрбиесіне ерекше мән береді. Мұны Айжамалдың сөзі де айғақтайды. Күрделі салада еңбек етіп жүрсе де, күйеуінің жанұяға жанашыр екенін айтып, дән риза. Олардың өзара түсіністігі – татулыққа бастаған тірек. Осындай үйлесім тапқан отбасы – сыйластық пен түсіністіктің, ұлттық құндылықтардың жарқын үлгісі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!