Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кеңес отырысы өтті

30.03.2025, 13:46 61

Кеше “Аmanat” партиясының облыстық филиалы жанындағы «Білім және денсаулық сақтау» мен «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестердің бірлескен отырысы өтті.

Онда түрлі тәуелділіктерді емдеу және оңалту бойынша мекемелердің жұмысына мониторинг жүргізу, бақылау талаптарының іске асырылуы туралы сөз қозғалды. Оның ішінде – тәуелділіктері және психикалық ауытқулары бар адамдарды психикалық диспансер деректерінде есептеу мәселесі кеңінен талқыланды.

Жалпы тәуелділіктері бар адамдардың ішінде ең қауіптісі есірткі тұтынушылары болып танылады. Осы орайда «AMANAT» партиясы «Есірткіге жол жол» акциясын үнемі ұйымдастырып, қоғам арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда 2024 жылы өңірде осы есірткі тәуелділігі бойынша есепте тұрғандар саны 862 адамды құраған. 2023 жылы 853. Яғни, көрсеткіш төмендеудің орнына өсіп отыр. Есепте тұрған науқастардың 90% жұмыссыздар және еңбекке қабілетті жастағылар. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айгүл Түлегенова атап өтті.

«Нашақорлықпен есепте тұрған азаматтардың жас ерекшелігіне келер болсақ, 1-ші орында 40-49 жастағылар, 2-ші орында 30-39 жас, 50-59 жастағы азаматтар 3-ші орында. Қунарлығы жасөспірімдер және балалар арасында нашақорлық диагнозымен есепке алынғандар жоқ» – деді Айгүл Түлегенова.
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарға сәйкес, өңірде 2024 жылдың қараша айында наркологиялық сырқаттарға тәуелділікті азайту мақсатында әлеуметтендіру, еңбекке баулу, жалпы өмірге бейімдеу үшін 15 төсек-орынға арналған тәуліктік әлеуметтік-медициналық оңалту бөлімшесі ашылған. Мұнда азаматтарға 2-6 аралығында ем -дом көрсетіледі. Бүгінде 11 науқас оңалтудан өткен. Бөлімше құрамына шағын еңбек шеберханасы ашылып, ағаш өңдеуге арналған құралдар мен тігін машиналарымен қамтылды. Науқастар ем алып қана қоймай, бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жасауда.

Жиын барысында оңалту шаралары, әлеуметтік бейімдеу мәселелері жан – жақты талқыланып, оңтайлы шешу бағытында нақты ұсыныстар ортаға салынды. Мәселен, денсаулық сақтау басқармасы өкілі қазіргі таңда наркологиялық төсек саны 190 болғанымен, ғимарат сыйымдылығы 120 төсек. Осыған байланысты, төсек қоры толыққанды жұмыс жасай алмай отыр. Мамыр айында облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың Тасбөгет кентіндегі типтік ғимараты босайды, 1 қыркүйекке дейін аталған ғимаратқа Ақжарма ауылдық округінде орналасқан наркологиялық бөлімді көшіру арқылы төсек сиымдылығын арттырамыз», – дейді.
Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қоғамның салауаттылығы баршаға ортақ міндет екендігін тілге тиек етіп, бұл бағыттағы жұмыстарды кешенді түрде бірлесіп жүзеге асырудың маңыздылығын жетікізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: