Қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Бүгін біз сіздермен қызықты ақпаратпен бөлісетін боламыз.
Жыл басынан бері елімізде 43 мың жұп некелесіп, 265 мың сәби дүниеге келген. Ең көп некелесу Алматы қаласында тіркелген. Бұл өңірде – 14 059 жұп тіркелсе, екінші орында Астана – 9 258, үшінші орында Түркістан облысы 6 132 неке заңдастырылған.
Айта кетейік, ағымдағы кезеңде ең көп туу көрсеткіші Түркістан облысында – 30 973, Алматыда – 29 002, Шымкентте – 23 935 және Астанада – 23 330 бала тіркелді. Ал, Ұлытау облысы – 2 821, Солтүстік Қазақстан облысы – 4 313 көрсеткіштерімен туу көрсеткіші төмен өңірлер болып есептеледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!