Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар қауіпсіздігі – үлкен жауапкершілік

05.04.2021, 16:00 597

HALYQLINE.KZ Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет.

Жыл басынан Қызылорда облысы көлемінде балалардың қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы болып, онда 16 жасөспірім түрлі дене жарақаттарын алған.

Статистикаға сүйенсек, балалардың қатысуымен жаяу жүргіншілер жолында жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі.

Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында қызылордалық полицейлер күнделікті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Мәселен, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері балалардың қатысуымен орын алатын жол апаттарының алдын алу мақсатында мектептердің жанында жаяу жүргіншілер өткелдерінде «Жолда абай болыңыздар!» мәтінімен ақпараттық стендтер және «Оқушы балалардың жолдан өтіп бара жатқан фотосы бейнеленген макеттері» орналастырылуда.

Ақпараттық стенд балалардың назарын аудару үшін «мультфильм кейіпкерлерімен» бейнеленген.

Сонымен қатар, полицейлер балаларға жаяу жүргінші өткелінен өтетін кезде жарық шағылыстыратын таяқшаны қолдануға кеңес береді.

Жарық шағылыстыратын таяқшаның жарығы жаяу жүргіншіні 130 метр қашықтықтан байқай алады. Балалар жарық шағылыстыратын таяқшаны кешкі уақытта қолдануы автокөлік жүргізушілерінің назарын аударуға мүмкіндік береді.

Қызылордалық полицейлермен жүргізіліп жатқан мүндай шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: