Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ана сүті туралы қызықты фактілер

24.01.2025, 7:00 59

HALYQLINE.KZ

1. «Тірі тамақ»: Ана сүті – баланың қажеттіліктеріне сай өзгеретін ерекше сұйықтық. Ол иммунитетті күшейтетін «тірі жасушалар» мен дәрумендерге толы.

⠀2. Баланың «заказымен» өзгереді: Бала ауырғанда ана сүтіне арнайы антиденелер қосылады – бұл оның табиғи дәрісі!

⠀3. Балаға да, анаға да пайдалы: Емізу анаға босанудан кейін тез қалпына келуге және артық салмақтан арылуға көмектеседі.

⠀4. Әр ана сүті ерекше: Ешбір әйелдің сүті бір-біріне ұқсамайды – ол әр балаға арнайы «жасалады».

⠀5. «Күнделікті мәзір»: Баланың дамуына қажет барлық ақуыз, майлар мен көмірсулар ана сүтінен табылады, бұл – оның алғашқы толыққанды тағамы.

⠀6. Түнгі сүт – тәтті ұйқыға: Түнде сүтте мелатонин көбірек болады, бұл балаға жақсы ұйықтауға көмектеседі.

⠀7. Сүттің дәмі өзгереді: Ана жеген тағамдардың дәмі сүт арқылы балаға беріледі. Сондықтан бала түрлі дәмге үйрене бастайды.

⠀8. Экономика және экология: Қосымша бөтелке, су, сүт қоспасы қажет емес – барлығы дайын әрі табиғи!

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: