Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері марапатталды

09.11.2022, 15:20 713

HALYQLINE.KZ Бүгінде Жалағаш ауданында 1375 көпбалалы отбасы есепте тұрады. Көпбалалы ана, наградталғандар саны – 982. Оның ішінде 44 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталса, 40-ы – Кеңестер Одағының «Батыр ана» атағына ие болған аналар, 297-сі – «Алтын алқа», 601-і – «Күміс алқа» иегерлері.

Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Алтын» және «Күміс» алқа иелері атанған аналарды марапаттады.

– Қазақта «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» дейді. Жылдан-жылға еліміздің демографиясына өз үлесін қосатын аналарымыздың саны көп болсын деп тілейміз. Біздің аналарымыз мен арулар тек отбасының ғана ұйытқысы емес, олар бүкіл қоғамды алға сүйрейтін, елдің бірлігін күшейтетін, берекесін молайтатын аса қуатты қозғаушы күш, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, аудандық билер кеңесінің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов, аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева сөз сөйлеп, марапат иелерін құттықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: