16. Жалқаулығыңды өзің тый. Адамзат тарихында ешкім еріншектікпен жетістікке жеткен емес.
17. Сенің жаныңда қыз бала өзін жайлы сезінуі тиіс.
18. Отбасыны қамтамасыз ететін ер адам. Бұл – оның міндеті.
19. Біреуге қарыз берсең, ойланп бер. Ол ақшаны бергеніңе кейін өкініп жүрме.
20. Ең болмаса, бір салада шебер бол. «Мен мынаны жасай аламын» дейтін тірлігің болсын.
21. Ешқашан шағым айтпа. Мұнымен мәселең шешіліп кетпейді.
22. Нәтиже беретін іспен шұғылдан. Есіңде болсын, уақыт бағалы. Уақыт шығынына душар болмаған дұрыс.
23. Әйелдерді түсінуге талпынба. Олар бізден ерек ойланады.
24. Мылжыңдық ердің сәнін бұзады.
25. Дымым жоқ деген күннің өзінде қорың болуы тиіс.
26. Үй тірлігіне қабілетті бол. Ешкімнің көмегінсіз-ақ бар істі тындыруға тырыс.
27. «Еркектер ешқашан жыламайды» деген қағиданы бұзба!
28. Тал ек, мал бақ. Бір кезек осы істі жасап көр.
29. Әуелі өзіңді сыйла! «Өз-өзіңді сыйла, жат бойыңнан түңілсін» деген.
30. Адал бол,адам бол!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!