Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

40-қа толмаған шымкенттік әйел оныншы баласын босанды

14.11.2024, 13:20 458

Ол 20 жыл ішінде 10 балаға жарық өмір сыйлаған.

Шымкенттің 39 жастағы тұрғыны оныншы баласын дүниеге аман-есен алып келді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Гүлбану Пірімқұлова 6 қарашада Шымкент қалалық перзентханасына жеткізілген. 9 баланың анасы оныншы сәбиін де өзі босанған.

Перзентхана дәрігерлері өз тарапынан кәсіби қызметін атқарған, қажетті көмекті көрсеткен. Ана мен сәбиінің денсаулығына шағым жоқ.

Көпбалалы ана 19 жасында тұрмыс құрған. 20 жыл ішінде 10 баланы өмірге әкеліп отыр. Қазір көпбалалы отбасы Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нұрислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді балаларды өсіріп отыр.

Балалардың әкесі – 43 жаста, есімі – Болат. Қазіргі күні көпбалалы отбасының үлкені студент атанған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: