Жазғы сарай. Таңғы астың дастарқаны жайылып тұр. Шешем ызыңдап қайнаған шоқ самаурынды көтеріп ішке əкелді. Радиоқабылдағыштан Мақпал Жүнісова «Қазақтың ерке қызымын» деп, таң атпай əн салып жатыр. Əн біткен бойда радио желісі соңғы жаңалықтар туралы сайрай бастады.
– Қайырлы таң, қазақ елі!
2020 жылдан бастап барлық қазақстандық өзінің жинаған дүние-мүліктері мен қаражаттары туралы декларация тапсыратын болады…
– Мұндай қағаздарды мемлекеттік қызметкерлер тапсырушы еді ғой. Халықта не байлық бар? – деп, сексенді алқымдаған əкем шай ішіп отырған кесесін столға қоя салды.
– Əй отағасы, неменеге ашуланып отырсың? Қайта осылай кімнің үйінде не бар екенін үкімет білсін. Мүмкін дүние-мүлкі, ақшасы жоқ адамдарға көмек беретін шығар, – деді шешем.
– Сен кемпір алжып кеткенбісің? Оны кім айтты? Баяғыда совет дəуірінде мал санағын жүргізіп, қорадағы тауыққа дейін тізімге ілініп жататын. Байлар байыған сайын кедейдің тиынын санайды. Бұл жақсы емес, – деп əкем күрсінді.
– Ее, үкімет өзі біледі ғой. Радиодан айтса рас шығар. Мен теледидарға сенбеймін, – дейді шешем.
– Білмеймін қорқамын.
– Шал-ау, неден қорқасың? Бізде не байлық бар? Сен де алжыған шығарсың…
Таңғы жаңалықтардан кейін, радиодан жас əнші Нұрболат Абдуллин «Сен қорқақсың» əнін шырқай жөнелді.
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
Ақтөбе қаласы
Фото: anekdot.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!