Бұл жарғы қоғамда жағымпаз болғысы келетін кез келген азамат пен азаматшаға арналады. Және олардың құқығын заңды түрде қорғайды.
1-бап. Жағымпаздың мақсаты:
1. Әрбір адамның жедел түрде жоғарылауы мен басшылық қызметке өрмелеуінің нақтылай функцияларын жүзеге асырады.
2. Облыс, аудан, ауылдық жерлерде жағымпаздық іс-әркеттердің қалыптасуын осы жарғыға сай үйлестіреді.
3. Жағымпаз адам мекемеде ішкі және сыртқы тұрақтылықтың сақталуын, алыс-беріс пен экономикалық дамудың негізгі жолдарын жасайды.
2-бап. Міндеттері мен құқы:
1. Жалпы және жекелей жағымпаздардың ережесін бекітеді.
2. Қоғамдағы жемқор, парақорлармен тұрақты жұмыс жүргізу реформаларын іске асырады.
3. Өтірікшілер мен суайттарды тағайындайды және оларды орындарынан түсіреді.
4. Кез келген лауазым иесінің кабинетіне, үйіне, етек-жеңіне және тағы да басқа жерлеріне кіріп шығуына шек қойылмайды.
3-бап. Өкілетілігі:
1. Ай сайын жемқорлар мен парақорлардың есебін тыңдайды.
2. Республикалық, облыстық, аудандық бюджеттердің қымқырылуын ойластырады.
3. Жағымпаздық туралы шешімдер мен бұйрықтар шығарады.
4. Халықаралық және республикалық дәрежедегі ұрылармен байланысты нығайтады.
4-бап. Жағымпаздықтың белгілері:
1. Біреуді біреуге айдап салу, азғыру және екіжүзділік.
2. Ортаға өсек айтып, адамды жамандау арқылы саяси ұпайлар жинау.
3. Көзі ойнақшып, құйрығын түлкіше бұлғаңдату.
5-бап. Жағымпаз болу:
1. Кез келген жасы 40-тан асқан, екі сөйлейтін, намысы жоқ, ұятсыз адам жағымпаз бола алады.
2. Жағымпаздар өмір бойы өз қолдаушыларының қарамағында бола алады.
3. Олар қандай да бір жағыну әрекеттерін тосқауылсыз жасауға қақы бар.
4. Осы жарғы жер бетіндегі барлық жағымпазға тең, бірдей қолданылады.
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
Ақтөбе қаласы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!