Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Уәде

26.06.2024, 9:55 187

HALYQLINE.KZ

Қымбатты мекеме басшылары мен оның қосшылары!

Сіздерге арзан бағамен құрғақ және майлы уәделер сатамын.

Бұл сөздерді кез келген қарапайым халыққа кеңінен қолдануға болады. Қажет болған жағдайда, төлемнің басқа жолдарымен де келісемін.

1. Айлық өседі, доллар түседі. Жанармай арзандайды.

2. Жұмыс болады, алдыңғы аптада бір соқшы.

3. Келесі жылы міндетті түрде үй беремін, өтірік айтсам өліп кетейін.

4. Жағдай түзеледі, ешқандай уайымдамаңыз. Шын айтамын.

5. Азық-түлік қымбаттамайды, оған жол бермейміз. Сеніңіз…

6. Болашақта несие бес пайызбен беріледі. Әзірше сәл шыдаңызшы.

7. Түбінде бәрі жақсы, чики-чики болады…

Нұрлыбек  ЖҰБАТҚАН,

Ақтөбе  қаласы

Фото: caricatura.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: