Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сұмдықпын ғой!

17.02.2023, 9:30 573

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

– Құрметті көрермендер! Қазақ еліне танымал, дарынды, қарынды, арынды актер Күшеншек Мақтанғанұлымен сұхбат құрып отырмыз, Күшеке, жағдайыңыз қалай?

– Сен сұрағалы жақсы ғой.

– Алғаш рет қандай киноға түскен едіңіз?

– Түстік қой. Саунаға түстік, құдыққа түстік. Оқуға түстік.Т ауға шығып, етекке түстік.

– Жоқ, аға, фильмдерге?

– Мен деген сұмдықпын ғой. Талантым тас, не бас жарады! Алғаш рет «Пах-пах, пух-пух!» – деген бөйебік кинода ойнадым.

– Кешіріңіз, ол киноны көрдім. Бірақ, сіз жоқсыз ғой?

– Е, мені киноның басында «пух!» еткізіп, маңдайымнан атып кетеді, «на смерть» өліп қаламын. Қараңғыда. Өлген адам ары қарай ойнамайды ғой. Терезеге телміріп, теріс қарап тұрғанымда, қарсы беттен снайпермен атады. Болды.

– Тағы қандай рольдерді сомдадыңыз?

– «Өләәә!», – деген сериалда ойнадым.

– Оны да көрдік. Сізді байқамадым.

– Е, мені сол кино басталар кезде «пух!» еткізіп, желкемнен атып кетеді. Етпетімнен түсіп, «на смерть» өліп кеткеннен соң, бет-бейнем көрінбейді ғой.

– Қызық екен. Шамасы, «Олар оңбағандар» деген фильмде де ойнадыңыз ғой?

– Ия. Кино басталар кезде, машинада келе жатқанымда, артымыздан қуып жеткен авторитеттер автоматпен оқ жаудырып, көлігім бес-алты рет аунап, жанып, атылып кетеді. Негізінде, ол көлікте мен жоқпын. Маскировка ғой.

– Неге кино басталар кезде атылып кете бересіз?

– Өзім сұрап аламын, сондай рольдерді. Өйткені, құдалыққа баруым керек, тойға баруым керек. Рақат. Басында өліп кетесің де, кино алаңынан кетіп қаласың.

– Енді қандай фильмге түскелі жүрсіз?

– «Быдыжың, быдыжың!» – деген атыс-шабыс киноға түсемін. Мұнда да басында өліп қаламын.

– Жүз жасаңыз аға. Сұхбатыңызға рақмет, сұмдық талантты екенсіз! Сізге фильмдердің аяғында өліп кететін рольдер тілеймін!

Мұхтар  ШЕРІМ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: