Бүгінгі сатира
(«Далбаса дөкейлер» сатиралық романымнан үзінді)
Біреу таңертең тұра салып, әнші болып кеткен екен. Ән әрлеушілер дауысын созып, табан астында «жұлдыз» атанып шыға келгені. Микрофони сияқты «әләулайлар» мен «халаулайлар» елімізде толып кеткен.Тіпті бір ерлі-зайыпты ақылдасып жатыр дейді.
– Дуэт болайық, ақшаның астында қалып, тұншығып өлеміз! — дейді күйіп кеткір күйеуі.
– Дуэт деген немене? — деп сұрайды өмірдегі сүйеуі.
– Екеуіміз ән шырқап, инстаға саламыз. Жұлдыз болып кетсек, тойларға шығамыз, Республика сарайында жеке концертімізді береміз…
– Рақат екен ғой!
– Жоқ, трико болайық. Қызымызды қосайық. Ол сен сияқты бақырып сөйлейді. Дауысы бар.
– Трико деген немене?
– Трико ше?
– Гамаж ба?
– Е, жоға, үш адам қосылып ән айтатындарды қалай атаушы еді? Ә, трио, трио!
– Керемет болар еді!
– Жоқ, квартира болайық.
– Ол немене? Пәтер ме?
– Квартира ше?
– Ол немене?
– Квартира ше? Төрт адам қосылып ән айтатынды қалай атаушы еді? А-а, кварт ет, квартет. Енді есіме түсті.
– Кімді қоспақсың?
– Сексен жетідегі енемді. Үнемі «қашан өлемін?» деп ыңылдап отырады ғой.
– Біз квартетпіз!
– Жоқ, бесартет болайық.
– Ол немене?
– Бес адам қосылып ән шырқаса, бесартет болатын шығар? Квартет деген сияқты… Көршімізді қосайық. Байғұс күнін көре алмай жүр…
Міне, біздің елдің қазіргі ахуалы осындай. Таңертең тұра салып, әнші болып кетеді ғой! Бір әнші «Қазақстанның халық шегірткесі» атағын алыпты!
Мұхтар ШЕРІМ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!