Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сайлауға түс, қарағым!

25.05.2023, 10:00 478

Сайлауға  түс, қарағым!

Ішің пысып желіксең,

Сайлауға түс келіп сен.

Образға енесің.

Уәдені бересің.

Қызды-қызды сөзбенен

Құлақтан да тебесің.

Жайдақ аттай желесің.

Мың тіріліп, мың өлесің,

Не десе де «көкелер»,

Айтқанына көнесің.

Сайлауға түс, қарағым,

Талай қызық көресің.

Жаңалық ашты Жигули

Тоқпақтай сүйек сындырып,

Шыға кел сен де ойқастап,

Бірдеңені «бүлдіріп».

Жүрген жанды жабырқап,

Жақсылап бір таңырқат.

Жинап ал да «қолыңды»,

Бітіре сал «шоуыңды».

Депутат боп кетсем

Көкемнен көп шарапат –

Қойным толы марапат.

Алғаным кіл алғысхат,

Абыройым – алапат.

Қағанағым қарық болды,

Сағанағым сарық болды,

Сарай маңын сағалап.

Бәрін өзі алды деп,

Сөкпеңіздер қаралап.

Партиямыз – «Аманат»,

Суперский саналад(ы).

Бөлмеңіздер біздерді

Биліктен деп алалап.

Авторитет ұрып тұр,

Арым таза,

Адал, ақ!

Беріңіздер ойланбай

Бар дауысты маған-ақ!

Тіл тигізбе табалап,

Сарапқа сал саралап.

Депутат боп кетсем мен

Дүниені өзгертем

Болады бәрі ғаламат!

Сеніңіздер сөзіме,

Жаны жайсаң жамағат!

Үміт   ЗҰЛХАРОВА,

сатирик.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: