Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оңтайландыру

14.12.2024, 12:35 110

HALYQLINE.KZ

Қазір заман таршылығы ма, қаражат тапшылығы ма, әйтеуір оңтайландыру деген пәле шықты. Яғни, қысқартудың мәдениетті түрі. Бір мекемені бір мекемеге біріктіре салады. Банк пен банк қосылып жатыр. Театр мен театр қосылып жатыр. Сол қосындылардан не пайда болады екен?

Егер, еркек пен әйел қосылса, оны өздеріңіз жақсы білесіздер, ұрпақ пайда болады.

Театр мен театр қосылса, труппа болады.

Әнші мен әнші қосылса, группа пайда болады.

Ал, егер еркек пен еркектің басы қосыла қалса,

төбелес пайда болады.

Әйел мен әйел қосыла қалса, өсек пайда болады.

Бастық пен бизнесмен қосылса, жемқор пайда болады.

Қазақ пен өзбек қосылса, сарай, коттедж пайда болады.

Ақ пен қара қосылса, алапес пайда болады.

Қызынақ мен қиярды қоссаң, салат пайда болады…

Есек пен жылқы қосылса, қашыр пайда болады.

Жылан мен кесіртке қосылса, крокодил пайда болады.

Крокодил мен түйе қосылса, динозавр пайда болады.

Машина мен машина қосылса ,лимузин пайда болады.

Телефон мен интернет косылса, вайфай болады.

Бәйбіше мен тоқал қосылса, айқай болады.

Асфальтқа топырақ қосылса, шоқалақ пайда болады.

Алақан мен алақан қосылса, шапалақ пайда болады.

Нұрлыбек  ЖҰБАТҚАН,

Ақтөбе  қаласы

Фото: kprf.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: