Бүгінгі сатира
Көршім құлағыма,
«Не болды?» – деген сұрағыма,
Сыбырлап кетті.
Бір кезде, мұрнымның іші,
Жыбырлап кетті.
Көшедегілер де,
Бір түрлі,
Тыпырлап кетті.
Балтырым шым ете қалды,
Миым дың ете қалды.
Бетіме де жабысып,
Бір-бірімен алысып,
Шашымның арасында жүр.
Құжынап,
Алматы қаласында жүр…
Әйелімнің бөксесінде жүр,
Бір қыздың өкшесінде жүр,
Бір кемпірдің белінде жүр,
Сұлудың ернінде жүр.
Бара жатқам, жұмысқа,
Көшеде қаптаған,
Қазақ жерін таптаған,
Қара құмырысқа!
Бірі шағып алды,
Екіншісі нанымды,
Қағып алды,
Үшіншісі мойнына,
Алтынымды тағып алды…
Құлағыма да кіріп кетті,
Миым да шіріп кетті,
Жан айқайым жарты жолда,
Іртік-іртік, іріп кетті!
Демеңіздер,
Мұхаңның шатпағы,
Қазақстанға,
Қара «шмаль» қаптады,
Сөйтсек, шекарада,
Ойланыңыз, тез арада,
Визасыз есік ашық екен,
«Китайский» құмырысқаның,
Тұла бойы сасық екен!
Сонысымен қоймай,
Сұлуларға ғашық екен!
Көршім күйгелектеп,
Жүрісі сол ирелектеп,
Қызына құмырысқа,
Үйленіп алды,
Бүгінде немересі,
«Че-че-че!» – дегенді,
Тіпті, тарақан жегенді,
Кәдімгідей, үйреніп алды!
Мұхтар ШЕРІМ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!