Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтар Шерім: «Мерекелеріңізбен қытықтаймын!»

08.03.2023, 19:30 326

Ардақты, ақ шашты, алтын басты аналар, өмірінде ауырмаған, бақ-берекесі «сауылмаған», тістері жұлынбаған, «Тик-токқа» ұрынбаған, жүз жастағы әжелер!

Әлі күйеуге тимеген, түнгі клуб, анау-мынауға бастарын имеген, жалп-жалп сағыз шайнамаған, үлкендердің алдында сайрамаған, кіндіктерін көрсетпеген, көйлектерін өлшеп берген, темекі де тартпаған, арын, дәстүрін сатпаған, жігіттермен жыртыңдап, қонақ үйде жатпаған, кафеде сыра ішпеген, қолынан іс келер, ине-жіпті тістеген, шаштары қырқылмаған, тағдыры жыртылмаған, қазақтың қаракөз қыздары!

Жыртыңдап, «Тик-токта» билемеген, күйеулерін қамырдай илемеген, үйлерін таза ұстаған, ішіп алып, құспаған, құс болып ұшпаған, балаларын аялаған, жынына тисең, аямаған, көздерге шөп салмаған, жүректері таза, жамандыққа бармаған, балағат сөздер айтпаған, шаңырағын шайқалтпай, махаббаттан қайтпаған, кербез де, келісті, сұлу да, сымбатты келіншектер!

Сіздерді бүгінгі әйелдер мерекесімен шын жүрегіммен, ішек-қарныммен құттықтаймын!

Құлақтарыңыз шыңылдамасын, бастарыңыз дыңылдамасын, тістеріңіз қақсамасын, істеріңіз ақсамасын, жыламаңыздар, әкімнен ештеңе сұрамаңыздар (бәрібір бермейді, қолынан ештеңе келмейді…) өсек-пөсек айтпаңыздар, айт кезінде он күн айттаңыздар, үнемі күліп, білекті түріп, ұзақ өмір сүріп, менің сатирамның қызығын көре беріңіздер

Бәріңізді қылғындырмай құшақтап, беттеріңізден бес минөттей сүйдім!
(Басқа желіде, «Фб-да бөліскендер жүз жасасын, бай-қуатты болып, қазы-қарта асасын!)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: