Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мейлі сеніңіз, сенбеңіз…

31.12.2024, 16:45 202

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Ура! Жаңа жылдан кейін жол ережесі туралы заңға жаңадан толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Бұдан былай, құдалықта, тойларда жүз, екі жүз грамм арақ ішіп, көлік айдауға рұқсат етіледі. Полицейлердің өз қызметтік көлігінде масаң күйінде ұйықтауына мүмкіндік беріледі. Екі сағат қана… Бұдан былай көліктер тротуарлармен жүріп, жаяулар кең көшеге ауысады. Көлікті тоқтатқанда МАИ инспекторы жүгіріп келіп, жүргізушінің жағдайын, үй ішінің аман-есендігін, құдаларының ахуалын, неге хабарласпай кеткенін, «ай көріспесе ағайын, жыл көріспесе жекжат жат» екендігін түсіндіруге міндетті. Бұдан былай жол қозғалысын бұзғандар МАИ инспекторларына беретін параны жол шетіне орналастырылған арнайы темір жәшікке салатын болады. МАИ испекторларына жол шетінде талтайып тұруға міндеттеледі. Көлік жүргізушілері бұдан былай рөлде келе жатып, бір мезгіл ұйықтап алуына, жілік мүжулеріне, ән шырқауларына, тіпті жүргізіп келе жатқан көліктерінен түсіп қалуларына рұқсат етіледі.

Міне, көрдіңіз бе, ағайын, жол қозғалысына енгізілген өзгерістер осындай, мейлі сеніңіз, мейлі сенбеңіз, ендігі жылдан бастап, төрт есігі, моторы, доғалақтары жоқ көліктермен көшелерде жылдамдықты сағатына екі жүзге дейін арттыруға рұқсат етілмек! Айтыңызшы, бірде алынып, бірде салынып, солбырайып кететін заңдарымыз енді қашан жетілмек?

Мұхтар  ШЕРІМ

Фото: cdn.trinixy.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: