Бүгінгі сатира
Мәжілісте министр сөз алды:
– Бұдан былай, жер тегін берілетін болады!
Депутаттар ду қол шапалақтады.
– Бұдан былай, автобустар мен таксилер адамдарды тегін таситын болады!
Депутаттар ду қол шапалақтады.
– Бар жақсылық – аңдарға емес, адамдарға! Бұдан былай, адамдар санаторийлерде тегін демалады, тегін емделеді.
Депутаттар ұзақ қол шапалақтады.
– Тегін көліктер беріледі!
Депутаттар жер тепкілеп қуанысты.
– Концерттерге тегін баратын болады!
Депутаттар орындарынан тұрып, қол шапалақтады.
– Кезектен тыс пәтерлер беріледі! «Жаңа Қазақстан» жобасы осындай!
Депуттаттар жылап жіберді.
– Газ, су, электр қуаты, жылу сияқты төлемдер алынып тасталынады! Су тегін!
Депутаттар уралап кетті. Сөзінің соңында министр:
– Осындай жобаны талқылауды ұсынамын. Елімізде 150 жастан асқан зейнеткерлер болса, бәрін тегін етеміз! Бар жақсылық – зейнеткерлерге! – деп аяқтады.
Депутаттар талып қалды.
Мұхтар ШЕРІМ
Фото: cartoon.kulichki.com (Карикатура Евгений Кран)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!