Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақын емес, қатын керек…

12.09.2020, 15:00 888

HALYQLINE.KZ Көпеннің «Үш қоңыр» тауы маңындағы дачасының жөндеу жұмыстарына Төпен келіп жәрдем беріпті. Қасында екі ұстасымен бірге кірпіштерді қалап, бітуге жақындап қалғанда Көпен қасына бір ақын жігітті ертіп келіп қалыпты. «Әр кәлләдә бір қиял» демекші әлгі ақын құрылыс жұмыстарын аралап көріп Көпенге: «Мына жерін былай ауыстырсаң қатып кетеді», – дейді.

– Ғажап! Мына идея керемет екен! Давай, осылай жасаңдар! – деп інісіне тапсырма беріпті. Біткелі тұрған жұмысты амалы жоқ, үшеуі қайтадан қалап шығыпты. Екі күн өткен соң Көпен тағы бір ақын жолдасымен дачаға келіп, досына көрсетіп жатқан көрінеді. Ол да аралап көріп:

– Мына терезені басқа жақтан шығарса қатып кетеді, – деп ол да өз ұсынысын досына жеткізіпті.

– Ғажап! Міне, тамаша идея, – деп Көпен Төпенге қарайды. Амалы құрыған үшеуі қайтадан бұзып, терезені басқа жақтан шығарыпты.

Бір күні түстен кейін Көпен ұялы телефонымен Төпенге хабарласып:

– Дачаға бара жатырмын. Не жетіспей жатыр, айтыңдар ала барайын,-десе Төкең:

– Айналайын, Көпен! Бізге ақын әкеле көрме, онан да қатын әкел! – деген екен. 

Төпен Әмірбектің фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: