Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақымақтың эксперименті

04.02.2026, 10:25 49

HALYQLINE.KZ

БҮГІНГІ  САТИРА

(«Ақылды ақымақтар» сатиралық романымнан үзінді)

2045 жыл. Премьер-министр Мәзбай Сазарғанұлы уақытты кері айналдыратын сағатты қолға түсірген соң, кабинетіне көмекшісін шақырып алып:

– Мұның қандай құдіреті бар? — деп сұрады.

Сөйтті де, сағаттың бір құлағын кері бұрады… Сол екен, Абылай хан TikTok-та, ұлы ақын Абай Құнанбаев теледидарда жаңалықтар жүргізіп отыр.

– Құрметті көрермендер! — деп бастады Абай, – кеше ғана мыңмен алыстым, оңбағандар қашып кетті!

Қабырғаға ілінген монитордың жанына келген Мәзбай:

– Абай атамыз сөйлеп отыр! — деді.

– Мүмкін емес! — деп таңғалды көмекшісі.

Бір кезде Абай атамыз:

– Неге мүмкін емес? — деп қалып еді, екеуі де селк ете түсті.

– Ой, кешіріңіз… — деп мүдірді Мәзбай әлі де таңғалып.

– Сендерге бәрі мүмкін екен де, маған мүмкін емес пе? Мәзбай балам, қалай Премьер болып кеттің? Сенде сана жоқ қой! — деді Абай ақын.

Мәзбай теледидарды пультпен өшіре қойды. Сөйтті де, сағаттың тағы бір тетігін бұрап қалып еді, мәссаған!

АҢДАТПА

Ары қарай келесі тарауда айтамыз, өтірік айтсам, өліп кетейін!

Мұхтар  ШЕРІМ

Фото: st2.depositphotos.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: