Командир бөлімге жаңа келген жауынгерлерден:
– Қалай, қарындарың аш емес пе? — деп сұрайды.
– Тіптен артылып та қалады!
– Қалатын не нәрсе?
– “Лавровый лист” деген жапырақ…
***
Майор сержантқа:
— “Біздің командир болбыр” деп лақап таратып жүрген сен бе? — деп дүрсе қоя бергенде:
– Ондай әскери құпияны таратуға болмайтынын мен жақсы білемін, жолдас майор, — деген екен анау.
***
Баласын әскерге шығарып салып тұрып шешесі:
– Ондағы шындықты айтып хат жаз, — дегенде:
– Е, онда жазылған хатты тексереді, — деп қалады атасы.
– Онда егер жағдайың жақсы болса – көк сиямен жаз да, ал қиындық боп қиналып жүрсең – қызыл сиямен анау-мынауды сүйкеп жіберсең, мен барып бір жағына шығамын! — дейді шешесі.
Содан біраз өткенде балаларынан: «Бізде бәрі жақсы. Тек нашары – бұнда қызыл сия емге табылмай қор қылуда…» деп хат келген екен.
***
Прапорщик қатардағы жауынгерге:
– Бір құлағыңды кесіп тастаса не болады?
– Есітпей қалам.
– Екеуін де кесіп тастаса ше?
– Көрмей қалам.
– Е неге?
– Каскам түсіп, көзімді жауып қалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!