Бүгінгі сатира
Бір әнші,
Құтылыпты байынан,
Қайтпаған ғой райынан…
Бетіне түкіріпті,
Ұрттап алып, шайынан!
Тие салған біреуге,
Газ шыққандай жайынан!
Осыны жазды блогер,
Қыл суырып майынан…
«Құрсағында хит жатыр
Немесе бір диктатор»,
Деп шулатты,
Санасын халықтың,
Осылай улатты…
Әнші бетін жуса,
Жаңалық!
Әнші бала туса,
Жаңалық!
Әнші ақша қуса,
Жаңалық!
Көршімен ұрысса
Жаңалық!
Біреумен жұлысса,
Кетер ме қамалып?
Әнші түшкірсе – тренд,
Көйлек кисе – бренд,
Ақшасын санаса,
Ерінді жалаймыз,
Құдай қаласа,
Тек соларға қараймыз!
Фонограмма – көңіл тоқ,
Улап-шулап тараймыз!
Мұхтар ШЕРІМ
Фото: papik.pro
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!