Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолшылар доп додасында бақ сынады

21.08.2024, 15:58 121

Аймақта жол саласы мамандары арасында шағын футболдан турнир өтті. Салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты насихаттауға арналған ала доп бәсекесіне облыстық «ҚазАвтоЖол» компаниясы мен «ҚАЖсервис» ЖШС, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының қызметкерлері мен жол салушы мердігер мекемелер қатысып, өзара шеберлік байқасты. Жолшылар арасында достық және әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға арналған жарыста командалар әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, бой сергітті.

  • Жолшылар үшін қазір қайнаған маусым. Айлап, апталап күре жолдың бойында жұмыста жүреді. Бірақ, соған қарамастан жасыл алаңда доп тебуге уақыт тауып, спортқа да көңіл бөлген әріптестердің бастамамызды қолдап қатысқанына қуаныштымыз. Бұл турнирде жеңіске жету мақсат емес. Әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, алдағы республикалық жарыстарға дайындықты пысықтау»,- дейді турнир ұйымдастырушысы Нұрбол Абызбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: