Бүгін әскер қатарына аттанғалы отырған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Қызылорда қаласынан әскер қатарына шақырылушы 7 азамат ҚР ҰҚК Алакөл ауданы бойынша Шекара қызметінде Отан алдындағы борышын өтемекші.
Шара барысында облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы Қайреддин Баймаханов, «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы, запастағы подполковник Мыңділда Ршауов және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник Алмас Чункунов жас ұландарға сәт-сапар тілей отырып, Отан алдындағы борышты адал өтеуге шақырды.
Күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Әскер қатарына 1995-2003 жылдар аралығындағы азаматтар шақырылған.
Ағымдағы жылы күзгі шақырылымда 240 қызылордалық өрен әскер қатарын толықтырмақшы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!