Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде діни экстремизм және терроризм бойынша сотталған азаматтармен мекеменің теолог мамандары жан-жақты жұмыс жасап келеді. Теологтар теологиялық дәрістер өткізсе, психолог мамандар қамаудағыларды жеке қабылдап әртүрлі тренингтер арқылы санасына әсер етіп, оң көзқарасқа бағыттайды. Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері мен имамдар да бұл істе шеттеп қалып отырған жоқ.
Осы орайда, мекемеде оқшауланған аймақта ауыз бекіткен 12 сотталған азаматқа, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қызылорда қалалық мешіттерінің ұйымдастыруымен «Шарапатты рамазан» тақырыбында ауызашар азық-түлігін әкелді. Мешіт имамдарының келудегі басты мақсаты: сотталған азаматарға ауыз аштыру ғана емес, олардың діни білімдерін арттыру болып табылады. «Рамазан айы адамдарға тура жолды нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын» ( Бақара сүресі, 185 аят) деп айтылғандай, қамудағы бұл азаматтардың ауыз бекіткені құптарлық. Өйткені ораза тұтқан адам, нәпсісімен күресіп, өз- өзіне сынай қарап, болашағы жайлы көп ойланады. Оның үстіне келген сайын, біз олармен адамгершілік, тақырыптарында және рухани дәрежесін арттыру мақсатында әңгіме өткіземіз. Алла Тағала адам баласының сенімін арттырып, еркіндікті сезінуге, өзіне-өзі бақылау жасауына және нәпсісін тыю үшін осы Рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Себебі, жөн-жосығымен ауыз бекіткен кісі өзін-өзі тәртіпке шақырып, харам істерден тыйылады. Нәтижесінде, ондай адам жиіркенішті әрекеттерден арылып, жақсылыққа бет бұрады.
Олай болса, «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – деп, А.Байтұрсынов айтқандай, мекеме теологтары мен дін қызметкерлерінің бірлесе отырып ұйымдастырған бұл шаранының жәй ғана ауызашар емес, адасқан жандардың білім деңгейін көтеретіндігіне сенімдіміз- деп сөзін қорытындылады мешіт имамы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!