Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қыз алдындағы намыс

16.01.2021, 12:00 792

HALYQLINE.KZ Қой бағып жүрген кезінде әке-шешесі Әбілханды үйлендірмек болады. «Баламыздың үлкені сен тұрғанда, інілеріңе қалай үйлен деп айтамыз? Жөні түзу біреудің қызын атастырайық, үйлен балам!» – дейді.

Әбілхан: «Қойды тастап, оқимын, әйел алмаймын», – деп көнбейді. «Бұл оқуға кетпей тұрғанда, аяғына матау салайық» деп, әке-шешесі бір сіргелінің қызына құда түседі. Қыз да Әбілханды менсіне қоймай:

«Қойшыға тимеймін, онымен байдың есігінің алдында жалшылықта жүретін жайым жоқ», – деп азар да безер болады. Әбілханның да үйленуге құлқы жоқ. Бірақ әке-шешенің сөзін аттап кетуге батылы жетпей, басы қатып жүргенде, қыз басқа біреумен қашып кетеді.

«Қап, сені ме?» – деп қызға қатты күйінбейді, бірақ намысына тиген осы оқиға Әбілханның көңіліне аз да болса сызат түсіреді. Дүние алма-кезек деген. Алматыда оқуға түскен соң галстук таққан қалпымен төреге ұқсап, қыздың көзіне түскісі келеді. Әбілхан қасына кісі ертіп, қатар жатқан ауылға әлгі келіншектің үйіне барады. Жалшылықтың жұрнағы да қалмаған, қаланың адамдарындай киінген Әбілханды көріп, қыз «көтек» деп құлап қала жаздап, есін жиып үйден шыға жөнеліпті.

(Әбілxан Қастеев атамыздың өмірінен үзінді.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: