Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мырзағали Айтжанов боксшыларды олимпиадаға үшінші рет алып барады

22.07.2024, 17:15 244

Қазақстандық бас бапкерлердің кейінгі жеті олимпиададағы жетістіктері қандай?

Марқұм Әбдісалан Нұрмаханов 1993-1997 жж аралығында Қазақстан ерлер командасының бас бапкері болып, АҚШ-тың Атланта олимпиадасына тұңғыш рет қатысып, В.Жиров тұңғыш рет Вел Баркер кубогына ие болды.
1 алтын: Василий Жиров (81 кг);
1 күміс: Болат Жұмаділов (51 кг);
2 қола: Болат Ниязымбетов (63, 5 кг), Ермахан Ибраимов (71 кг).

2000 жылы Аустралияның астанасы Сиднейде өткен олимпиадада бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Тұрсынғали Еділов дайындаған оғыландардың жетістіктерін әлі бірде-бір бапкер қайталай алмай келеді.
2 алтын: Бекзат Саттарханов (57 кг), Ермахан Ибрайымов (71 кг);
2 күміс: Болат Жұмаділов (51 кг), Мұхтархан Ділбәбеков (+91 кг).

Ермахан Ибрайымов 2002-2004 жж бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болғанда шәкірттері Афина-2004 олимпиадасында Қазақстаннан 119 спортшы қатысып жалғыз алтын мен Вел Баркер кубогын алған Бақтияр Артаев ол кезде 21 жаста еді
1 алтын: Бақтияр Артаев (69 кг);
1 күміс: Геннадий Головкин (75 кг);
1 қола: Серік Елеуов (60 кг).

Дамир Буданбеков 2004-2009 жж бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болатын. Оның Пекин олимпиадасына апарған шәкірттері 1 алтын мен 1 қола медальға қол жеткізді.
1 алтын: Бақыт Сәрсекбаев (69 кг);
1 қола: Еркебұлан Шыналиев (81 кг).

Мырзағали Айтжанов 2009-2018 жж еліміздің бас жаттықтырушысы болған кезінде Лондон және Риоға боксшыларды апарды. Лондон төрінде Вел Баркер кубогын үшінші рет отандасымыз Серік Сәпиев алды.
1 алтын: Серік Сәпиев (69 кг);
1 күміс: Әділбек Ниязымбетов (81 кг);
1 қола: Иван Дычко (+91 кг).

Мырзағали Айтжанов шәкірттері Рио-2016-да жалғыз алтынға ие болып, Бразиляда Әнұранымызды шырқатып, Туымызды желбіретті.
1 алтын: Данияр Елеусінов (69 кг);
2 күміс: Василий Левит (91 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг);
1 қола: Иван Дычко (+91 кг).

Ғалымбек Кенжебаев 2018-2021 жж бас бапкер болғанда Қазақстан құрамасы алғаш рет Токио олимпиадасында алтынсыз қалды.
2 қола: Сәкен Бибосынов (51 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг).

Қайрат Сәтжанов 2021-2023 жж Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған кезде олимпиадаға баралмаған жалғыз бапкер атанды.

Биыл қазақ боксшыларын Парижге дайындаған Мырзағали Айтжанов үшінші рет олимпиадаға шәкірттерін толық құраммен қатыстырады. Олар мыналар:
51 келі: Сәкен Бибосынов;
57 келі: Махмұд Сабырхан;
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы;
71 келі: Асланбек Шынбергенов;
80 келі: Нұрбек Оралбай;
92 келі: Айбек Оралбай;
+92 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев.

Айта кетейік, бокстан Қазақтан ерлер құрамасы олимпиададан 7 алтын, 7 күміс, 8 қола медаль алды. Сонымен қатар әйелдер құрама қоржынында 2 қола медаль бар. Оларды Марина Вольнова (75 келі) мен Дариға Шакимова (75 келі) алды.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: