HALYQLINE.KZ Бір ой мазалайды: мынау әр күн сайын әр жерде ұрыс-төбелес бұрқ ете қалып жатқан елде ештемеге сенім жоқ. Оның үстіне жеріміз түгін тартса майы шыққандай бай. Міне, айтқаныма көнбедің деп, елімді елірген біреу басып алса қайтемін? Сонда қазағымның әйел-баласы, ер-азаматы әділетсіздік, қорлық көріп жатқанда, менің сонау алыста ауыздан ақ май ағызып өмір кешіп, шылп етпей отыра бергенім қалай болады? Әлде, тезірек елге қайтып, сырттан қол жинап тұрсам ба?.. Елімді езгіге салғысы келгендер болса, қолында өлу үшін!
Өзге ұлтқа қыз бермейміз, қыз алмаймыз. Міне, Алматыда, Талдықорғанда, Қапшағайда, Жаркенттерде болдық қой, көрген көзде жазық жоқ, қыздарымыз көрінгеннің қолында жүр: олардың арасында орысыңнан бастап, негіріңе дейін табылады. Маған соны көрудің өзі қаншалықты ауыр. Намысыма күнде қамшы тиеді. Алыстан әулиедей көріп жүретін туған топырақта бөтен іздердің көптігі де, бет қызартар берекесіздіктің молдығы да миыма сыймайды, көз алдымда мұнарланып сейілмейді…
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!