Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Макко туралы сыр

15.10.2025, 9:40 112

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданы, Ақсуат ауылындағы №100 мектеп директоры, ұлағатты ұстаз Марат Кеулімжайды (мен үшін Макко) дүние дидарын ашқан күнімен құттықтаймын! Өмірдегі барша жақсылықты тілеймін!

Әрбір адам бойында «балалық шақ» деген ең бақытты кезең болады. Халық арасында «ескі дос жаңа екі достан артық» деген тәмсіл бар. Менің бала кезден бірге өскен досым Марат Кеулімжай ел ағасы жасына келді. Қазақта «досыңды көрсетші кім екеніңді айтып берейін» деген керемет сөз бар. Мәке, кім-кімге де «досым» деп ұялмай көрсетуге лайықты азаматсың. Тіл-сұқтан сақтасын деймін. Ұлағатты ұстаз, жарың Жамалмен бірге немере сүйіп, тең отырып қызыққа кенеліп отырсың. Енді шөбере сүйіп, шөпшектің алақанынан май жала демекпін.

Төмендегі «Макко туралы сыр» атты жырым өзіңе арналады.

Көңілден тілек жосыды,

Басымыз бүгін қосылды.

Айтайын сырды ақтарып,

«Макко» деп ескі досымды.

Сақталып есте қатар тең,

Балалық неткен тәтті ең.

Жадымда әлі жаттаулы,

Ойнаған ыстық Қарадөң.

Тұлғасы мығым құрыштай,

Достарға жақын туыстай.

Жекеге шықсаң Маккомыз,

Сілтеген қолын қылыштай.

Бұқаша сүзіп жан-жағын,

Кетірген тойдың салмағын.

Соққысы тиген Макконың,

Тентектің көрдік талғанын.

Байсалды жан көшелі,

Жүзінен шуақ еседі.

Мықты ұстаз атанды,

Тентек досым кешегі.

Жылдар өтті арада,

Салмақ салып санаға.

Макко досым бұл күні,

Қадірлі ата-анаға!

Марат тегі Кеулімжай,

Дарқан пейіл, көңіл бай.

Ұзақ болып ғұмырың,

Жамал жүрсін соған сай.

Сәлеммен, өзіңнің досың

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы ауданының Құрметті азаматы,

Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі,

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: