Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ержанның ерлігіне – 5 жыл

05.01.2023, 15:30 369

HALYQLINE.KZ

2018 жылдың тамыз айының 4-інен 5-іне қараған түнде Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны, күрестен балалар жаттықтырушысы Ержан Әмірханов ресейлік автокөлік сатып алу үшін 270 мың рубльмен «Новосибирск-Семей» автобусына отырады. Алайда, Алтай өлкесінің Барнауыл қаласына 130-140 шақырым қалғанда салоннан түтін шыға бастағанда, жолаушыларды дереу оятып, далаға шығара бастады. Алдымен балаларды шығара бастағанда, екі шофердің бірі апаттық терезені сындырған соң терезеден шығарып болғасын, қарт адамдарды шығарды, жастар жағы өздері шықты. Автобуста өрт сөндіргіш құрал (огнетушитель) болмай шықты, қайта жолдағы автокөліктер жолаушылары өз огнетушителімен сөндіруге көмектесті. Нәтижесінде Ержаннның қырағылығының арқасында автобустағы 50 адам, яғни 36 ересек, 12 бала және 2 жүргізуші аман қалды. Өртпен алысып жүргенде Ержанның 270 мың рублі жанып кетті, тасымалдаушы автобус паркі оның тек 150 мыңын ғана төледі. Әділдік іздеп тасымалдаушылармен айтысып көріп еді, олар шамасы таныс журналистер арқылы «Комсомольская правда» газетінде жүргізуші В.Селезневтің: «Автобустаға отты бірінші мен көріп, өзім тоқтадым» – деген сөзін алға тартып, «Он не герой!» деген мақала шығарды. Мақалада Ержанның ерлігін жоққа шығарғанмен, арасында жақтап құдайшылығын айтқандар да болды.

«Бақсам бақа екен» демекші, автобус паркі басшыларының 270 мың рубльді жырымшылап бермей қалуының себебі, семейлік кәсіпкерлер өз жерлесінің ерлігін бағалап, 1 млн теңге беріп, 4 баласы барын ескеріп, жеңілдетілген ипотекалық несие ұсынған екен. Олар оны Ержан Әмірхановқа миллион теңгемен қоса пәтер берілді деп ойлаған екен. Екі сатқын жүргізушіні есептемегенде 48 жолаушыны аман алып қалған Ержан – заманымыздың батыры.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: