Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлер ұсақталып бара ма?

07.05.2024, 10:00 325

Әрине, көпке топырақ шашудан аулақ­пыз. Елдің абыройын асқақ­татып жүрген азаматтар аз емес. Алайда, қазақтың жігіттеріне байланысты жағымсыз әңгі­мелер көбейіп кетті. Бірі «Ерлер ұсақталып барады» дегенді құп­таса, тағы бірі «ер» дегеніміз кім?»  деген  сауалды  алға  тартады.

Қазақта «Жігіттің сұңқары», «Жігіттің сұлтаны», «Жігіттің қыра­ны» деп мақтап қолпаш­тайтын. Бұл бұрын, әрине. Ал, бүгінде «ер» дегеніміз кім? Оның болмыс-бітімі қандай?  Міне,  осыған  аз-кем  тоқталсақ.

Жастардың отан алдындағы борышын өтеуге селқос қарайтынын сөз етсек. Жасы­ратыны жоқ, бүгінгінің жігіттері әскерге баруға ниет таныта бермейді. Тек әкімшілік өкілі үйіне бірнеше рет ескерту қағазын алып барғаннан кейін, әскери комис­сариатқа бара­ды. Түрлі сылтау іздеп, әскерден  жалтарғысы  келеді.

Мұндай жағдайды жақында екі жігіттің  арасындағы  әңгімеден  естідім.

– Сен  күзгі  шақырту  алдың  ба?

– Иә.

– Не  болды?

– Оқушы кезімде аттан құлап, аяғымды  сындырып  алған бола­тын­мын. Соны алға тартып,  көктемгі  шақырымға  қалдым.

– А-а. Дұрыс  екен.

Міне, елін  қорғауға  жарайтын екі апталдай  азаматтың  екеуара   әңгімесі. Мұны бір деңіз…

Екіншіден, туған  баласынан  бас  тартып, «көкек әке» атанып жатқандар қаншама. Біле білсе, қазақ жетімін жылатпаған ел-тұғын. Қазір әкесі бар «тірі жетімдер» көбей­ді. Тіптен, кіндігінен шыққан ұрпа­ғына  «алимент»  төлемейтіндер  тым  көп.

Үшіншіден, жалқау жігіттер аз емес. «Екі қолға бір күрек табылса» деп аспаннан ақша келетіндей алақанына түкіріп отыратын аяқ-қолы балғадай, тепсе темір үзетін жігіт­терді көз көріп жүр. Бұл жайлы қоғамда түрлі пікір бар. Бірі жастарды кінәласа, бірі бар жауапкершілікті атқарушы билікке ысыра салады. Дегенмен, ондай жастар нарыққа бейімделіп, жұмыс істеп жатқандардан үлгі  алғысы  келмейді.

Мұны қойшы, қазір қойды соя алмайтын жігіттер жоқ емес. Енді ондай «батырларға» не айтуға бола­ды? Ал, қыздармен қосылып өсек  соғатын  ерлер жайлы не деу­ге  болады?

ТҮЙІН. Біздің мақсат жігіттерді кемсітіп, олардың намысына тию емес. «Қазақ жігіті» деген атқа сөзі де, ісі де лайық болса деген ниет қана…

Мақпал  МАРҚАБАЙ,

Жаңақорған  ауданы

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: