Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еркек деген кім өзі?

19.12.2020, 16:00 1545

HALYQLINE.KZ Еркек – әкең, жарың, бауырың. Қорғаның. Асыраушың мен жанашырың. Алатауың, Ұлытауың, арқа сүйерің. Қадірлің, махаббатың (сүйіп тисең).

Және онымен сен Алланың бұйрығымен тең емессің. Бірақ аяғына киетін кебісі де емессің. Онымен теңескенің, өзіңді одан биік ұстағаның – өзіңді құрдымға жібергенің. Мың жерден гендерлік, тағы басқаны айтсаң да, ол бола алмайсың. Мысал етіп Домалақ, Зере, Айғаным, т.б. аналарымызды айтарсың, бірақ олар отағасының алдын кесіп, орнын басуға талпынбаған. Өз орнын білген. Мұның бәрін менен 100 есе білесің, білесің де біліп тұрып бетпақтыққа салып тізгінді ұстағың келеді. Тізгінді ұстап та жүргендер бар, бірақ өкініп іштен тынып жүргені анық. Еркектен төмен тұрып-ақ, дегеніңді істетіп-ақ жүргенің абзал, құрметті замандас!

(Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: