Бокстан ұлттық құрама мүшесі Махмұд Сабырхан жазғы олимпиада ойындарына 57 келіде Қазақстан атынан қатысады. Махмұд Сабырхан он жасында боксқа қатысқан. Оның алғашқы жаттықтырушысы Ильяс Оралбеков болды. Былтыр Сабырхан Махмұд әлем чемпионы атанған соң жеке бапкері Иляс Оралбековке ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы беріледі. Қазіргі кезде Ильяс Оралбеков елімізге белгілі бірнеше әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушы.
Сабырхан Айдарханұлы Махмұд 2001 жылы 9 қыркүйек күні Шымкент қаласында дүниеге келген. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Бойдақ. Әуесқой бокста С.Махмұд 62 кездесу өткізген. Оның 58-де жеңген: 8 рет нокаутпен жеңсе, 4 рет жеңілген.
Жастар арасында үш мәрте Қазақстан чемпионы (2016-2017-2018);
Жастар арасында үш дүркін Азия чемпионы (2016-2018-2019);
Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (Венгрия-2018);
Ересектер арасында Қазақстан чемпионы (Шымкент-2020);
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Белград-2021);
Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Амман-2022);
Әлем чемпионы (Ташкент-2023);
Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирдің жеңімпазы (Бусто-Арсицио-2024).
Парижде Сабырхан Махмұдпен рингкте жұдырықтасып қалуы мүмкін боксшыларды таныстырамыз. Олар мыналар:
- Хавер Ибанес Диас (Болгария);
- Хосе Килес (Испания);
- Небил Ибрагим (Швеция);
- Василе Устрой (Бельгия);
- Долапо Омоле (Нигерия);
- Шудай Харада (Жапония);
- Жамал Харви (Америка);
- Сайдель Орта Родригес (Куба);
- Чарли Сенор (Австралия);
- Абдумалик Халоков (Өзбекстан);
- Илмар Гонсалес (Колумбия);
- Жуд Галлахер (Ирландия);
- Луис Оливейра (Бразилия);
- Карло Паалам (Филиппин);
- Айдер Абдураймов (Украина);
- Мұнарбек Сейітбекұлы (Қырғызстан);
- Васим Абусал (Босқындар ұлттық құрамасы).
Франция астанасы Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарында боксшылар 27 шілде мен 10 тамыз аралығында рингке шығады.
Айбек Мұханов
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!