HALYQLINE.KZ Қызылордада 1 маусымнан бастап көктемгі (наурыз-тамыз) кезекті мерзімді әскери қызметке қайта шақыру жұмыстары басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысының Қорғаныс істері департамент бастығының орынбасары, подполковник Қанат Омаров мәлімдеді.
«Биылғы наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында 1993-2002 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы 2020 жылғы 12 мамырдағы №29 қаулысына сәйкес ұйымдастырылады. Осы жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне 170-ке жуық азаматқа тапсырыс берілді. Ал еліміздегі төтенше жағдайға дейін 33 азамат аттандырылды. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар жөнелтілетін болады»,-деді Қанат Жаңабайұлы.
Өткен жылдың көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға берілген тапсырыс жоспарға сәйкес 100% орындалды. Облысымыздан 1600-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!